-A A +A

Жаңалықтар

Азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында"Ашық есік күні"

      20 шілде күні Құрманғазы аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен,  аудандық жер қатынастар бөлімі, аудандық Жер кадастры және техникалық тексеру департаментінің Құрманғазы аудандық бөлімшесі өкілдері, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушының қатысуымен құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтарға кеңес және тегін заң көмегін көрсету мақсатында «Ашық есік күні»  акциясы өткізілді.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және қызмет этикасы қағидалары түсіндірілді

        20 шілде күні Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы Н.Елубаева Исатай ауданына барған іссапарында, Әділет басқармасы қызметкерлері, сот орындаушылар, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкіліні, аудандық әкім аппараты, ішкі саясат бөлімі, ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен Елбасы Жолдауын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағыты бойынша семинар өткізілді.

Мақат аудандық «Нұр Отан» партиясында тұрғындарға құқықтық кеңес берілді

       19 шілде күні, Мақат аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен   жеке сот орындаушылар, адвокат, нотариустардың және «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасарының  қатысуымен тұрғындарға құқықтық кеңес беру мақсатында Республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындардың шетел азаматынан алимент өндіру, жер телімдерінің құжаттарын қалпына келтіру, кәсіп ашу, адвокаттық, нотариаттық қызметтер бойынша  сауалдарына заңды тұрғыда жауаптар берілді.

Кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту мақсатында тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында кездесу

     Шілде айының 14 жұлдызында  Мақат аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен, Мақат ауданының әкім аппараты, Кәсіпкерлер  бөлімі және де  аудандық жер қатынастар бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен,  Бәйге төбе селолық округінің тұрғындарымен және жергілікті кәсіпкерлер арасында   ҚР кәсіпкерлік кодексіндегі кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту, қолданыстағы Заңға енген өзгерістерді  түсіндіру мақсатында  кездесу өткізілді.

Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу кезінде туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында тұрғындармен кездесу

      13 шілде күні Исатай аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен аудандық жер қатынастар, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, аудандық жер кадастыры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімдері, әкім аппараты, ХҚКО мамандарының қатысуымен Аққыстау поселкесі тұрғындарының арасында тіркелмеген иесіз жылжымайтын мүліктерді анықтау және мемлекеттік тіркеуді жүргізу кезінде туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында кездесу өткізілді.

Қазпошта терминалдары арқылы қарыз төлеуге және шетелге шығуға тыйым салуды алып тастауға болады

           Шілде айының 5-жұлдызында  Атырау облысы Әділет департаментінің жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Г.Қыстаубаевамен «Қазақстан-Атырау 102FM» радиосында халықтың назарына беру мақсатында,  Қазпошта терминалдары арқылы қарыз төлеуге және шетелге шығуға тыйым  салуды алып тастауға болатыны жөнінде сұхбат берді.

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

 «Атырау облысының Әділет департаменті» РММ, 060006, Атырау облысы,  Атырау қаласы, М.Баймұханов  көшесі, 16 «А», анықтама үшін телефон: 8(7122) 30-69-00, электрондық мекенжай: g.kystaubaeva@adilet.gov.kz  (link sends e-mail)  тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы  жариялайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

       Атырау облысы Әділет департаментімен  ағымдағы жылдың маусым айының 29-шы жұлдызы сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында 07.06.2017 ж.

«Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын іске асыру мақсатында тұрғындармен кездесу

     Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың маусым айының 14-ші жұлдызында Атырау қаласы Қ.Сатпаев және Баймұханов көшесіндегі  Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының алдында сот актілерін орындау және тараптардың құқықтарын қорғау мақсатында, облыстық прокуратура, ішкі істер департаменті, Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, жеке сот орындаушылар өңірлік алқасы өкілдерінің және   адвокаттардың қатысуымен азаматтарды «Жылжымалы қоғамдық қабылдау» өткізіл

«Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

   А.ж. маусым айының 7-ші жұлдызында Махамбет аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен,  аудандағы құқық қорғау органдары мен жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің және «Азаматтарға арналған-Үкімет»  мемлекеттік корпорациясы»   коммерциялық емес АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы-  ХҚКО департаментінің аудандық бөлімі мамандарының қатысуымен қатысуымен «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында семинар өткізілді.

Тіркеуден өтпеген жылжымайтын мүлікті заңдастыру мәселері бойынша жәрдемдесу мақсатында өткізілген кездесу

       Үстіміздегі жылдың 07 маусымында  «Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының ғимаратында, аудандықы Әділет басқармасының ұйымдастыруымен, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, экономика және қаржы бөлімінің мамандары мен Ганюшкин ауылдық округі әкімі және жеке нотариустардың қатысуымен, аудан, ауылдық округ шегінде орналасқан мемлекеттік тіркеуден өтпеген (тіркелмеген)  жылжымайтын (жер телімдері, ғимараттар)  мүліктерді тіркеуден өткізуге  жәрдемдесу, құқықтық кеңес беру мақсатында қабылдау өткізілді.

Мақат ауданында сот актілерінің орындалысы бойынша азаматтарды жеке қабылдау өтті.

           Ағымдағы жылдың маусым айының 15-ші жұлдызында  Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Н.Каримовпен және            Мақат ауданының прокуроры Б.Ж.Калиевпен бірге Мақат ауданының  Мақат селосында сот актілерінің орындалуы бойынша азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді. 

            Қабылдаудың басты мақсаты: «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын іске асыру, борышкерлер мен өндіріп алушылардың атқарушылық өндірісі бойынша құқықтарының қорғалуымен  сақталуы.

Әділет министрі Марат Бекетаевтың халықпен есептік кездесуі

              Бүгін «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Әділет министрі Марат Бекетаевтың бейнеконференциялық байланысы арқылы аймақтармен халық алдындағы есептік кездесуі өтті.

              Кездесу барысында Марат Бекетаев Министрліктің қызметі және ведомствоның болашақ жоспарлары туралы баяндап берді.

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісіндегі позициясын жақсарту мақсатында дөнгелек үстел

   А.ж 8 маусым күні Атырау облысының Әділет департаментімен  ҚР Ұлттық Банкінің филиалы арасында Атырау облысы бойынша екінші деңгейлі банк өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісіндегі позициясын жақсарту мақсатында дөнгелек үстел өткізді.

Беттер