-A A +A

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңжобасын талқылау бойынша жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлермен өткізілген кездесу

 

       А. ж 06-желтоқсанында  Атырау облысының Әділет департаментінде   «Адвокаттық қызмет  және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы» Заңжобаларын түсіндіру мақсатында, жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлермен кездесу  өткізілді.

       Іс-шараға Әділет департаментінің басшысы, құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік  көмек көрсету бөлімінің басшысы мен мамандары және облыстың жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлері қатысты.

         Іс-шара барысында азаматтарды қолжетімді және сапалы заң көмегімен қамтамасыз етуге бағытталған «Адвокаттық қызмет  және заң көмегі туралы»  Заңжобасының негізгі қағидаларын , яғни, Заңжоба адвокатура және жеке тәжірибемен айналысатын  заңгерлердің қызметтерін оңтайландыруға бағытталғанын ,заңгерлік көмегінің қолжетімділігін  және сапасынының  жоғарылауын,  ауылдық және қалалық жерлеріндегі адвокаттардың қызметімен қамтамасыз етілуінің әркелкілігімен  бірқатар  мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні түсіндірілді.

                                                                                                              Атырау облысының Әділет департаменті.