-A A +A

«Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын іске асыру мақсатында тұрғындармен кездесу

     Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың маусым айының 14-ші жұлдызында Атырау қаласы Қ.Сатпаев және Баймұханов көшесіндегі  Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының алдында сот актілерін орындау және тараптардың құқықтарын қорғау мақсатында, облыстық прокуратура, ішкі істер департаменті, Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, жеке сот орындаушылар өңірлік алқасы өкілдерінің және   адвокаттардың қатысуымен азаматтарды «Жылжымалы қоғамдық қабылдау» өткізілді.

Қабылдаудың мақсаты:

ҚР Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыска қарсы куресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің шешімімен мақұлданған «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы бірлескен жоспарын орындау.

Борышкерлер мен өндіріп алушыларды қабылдау, олардың атқарушылық өндірісі бойынша құқықтарының қорғалуы, сақталуы.

Борышкерлер тізілімінен, ҚР-нан шығуына тыйым салынған шектеулер бойынша түсінік беру болды.

Аталмыш шарада 60-тан астам азаматтарға мемлекеттік және жеке сот орындаушылармен сот актілерін өндіру бағытында оның ішінде атқару өндірісіндегі өзекті  мәселердің бірі – кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру туралы сот актілерін орындау бойынша,  прокуратура өкілімен борышкерлер мен өндіріп алушылардың атқарушылық өндірісі бойынша құқықтарының қорғалуымен сақталуы сондай-ақ, қорғаушымен азаматтардың көптеген түрлі бағыттағы сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық көмек көрсетілді. 

Атырау облысы Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі