-A A +A

Атырау облысы Әділет департаментімен ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» заң жобасын түсіндіру бойынша брифинг өткізілді

             2017 жылдың 4 қазан күні  Атырау  облысы Әділет департаментінің басшысы Сағынбай Бейбітұлы Тұрғаринмен,   бұқаралық ақпарат құралдары «Қазақстан-Атырау» телеарнасы,  Республикалық «Мұнайлы астана» газеті және  жергілікті «Атырау», «Ақ Жайық» газеті өкілдерінің қатысуымен,  «ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заң жобасының нормаларын халыққа ауқымды түсіндіру бағытында брифинг өткізілді.

           Брифинг барысында  Департамент басшысы С.Б.Тұрғарин,  Заң жобасының жаңашылдықтарын жария етіп,  заң қызметтерінің қол жетімділігі мен оның сапасын арттыруды, адвокатура институтын нығайтуды, оның ішінде адвокаттарға қойылатын талаптарды арттыруды, халықтың әлеуметтік осал санаттарының, өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларға тегін негізде заң көмегін алуына қол жетімділігін қамтамасыз етуге, халықты қолжетімді және сапалы заң көмегімен қамтамасыз етуге және адвокатура институтын әлемнің үздік тәжірибесін ескере отырып, жетілдіруге  бағытталғанын атап өтті.  

 

 

Атырау  облысы Әділет

                 Департаментінің баспасөз қызметі