-A A +A

Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан өтті

      Қазақстан   Республикасы   Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы 152 санды Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес, кәсіби, басқарушылық және жеке құзіретін жетілдіру үшін Атырау облысы Әділет департаментінің және департаменттің сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдердің мерзімі келген 9 мемлекеттік қызметшілері  ағымдағы жылдың мамыр айының 24-26-шы жұлдыздары аралығында Атырау қаласындағы Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

      Біліктілігін артттыруды табысты аяқтаған барлық мемлекеттік қызметшілерге Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының сертификаттары тапсырылды.

Атырау облысы Әділет департаментінің

                                                                                                                                                                                         Баспасөз қызметі