-A A +A

Азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өтті

        24 тамыз күні тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша облыстық «Нұр Отан» партиясында өткен кезекті қабылдауды Атырау облыстық Әділет департаментінің міндетін атқарушы А.Каримов өткізді.

        Қабылдауға 11 азамат жазылды. Сауалдарының көбі- алимент өндіру, тұрғын-үй, жер құжаттарын қалпына келтіру, жаңадан кәсіп ашу болып, департамент басшысының міндетін атқарушы А.Каримовтың тарапынан барлық сауалдарға жауаптар берілді.

Алдағы уақытта да өткізілетін жеке қабылдауға жазылып, мемлекеттік тіркеу қызметі, атқару өндірісінің орындалуы бойынша мәселелеріңізбен жүгіне аласыздар!

Атырау облысы Әділет департаменті