-A A +A

Департамент басшысы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы және ҚР «Мемлекет кепілдендік берген заң көмегін көрсету» Заңы бойынша телеарнаға сұхбат берілді

Ағымдағы жылдың 13 қазанында, Атырау облысы Әділет департаментінің  басшысы С.Б.Тұрғаринмен,   «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы бойынша  және  ҚР «Мемлекет кепілдік берген  заң көмегін көрсету» Заңына, оның ішінде  адвокаттармен тегін заң көмегін көрсету қызметтеріне «Қазақстан-Атырау» облыстық телеарнаның «Жаңалықтар қызметі» бөліміне сұхбат берілді.

Сұхбат барысында, аталған Заң жобасы республика азаматтарына заң қызметінің барлық спектрін көрсетуді ұйымдастыру саласында негізін қалауға және жалпы басымдықтарды анықтауға, заң көмегін көрсету субъектілерінің кәсіби біліктілік деңгейін көтеруге, халыққа білікті заң көмегін көрсетуді тиісінше ұйымдастыруға ықпалын тигізетінін, сонымен қатар,  адвокаттармен мемлекеттік кепілдендірілген тегін заң қызметі бағытындағы, яғни  халықтың әлеуметтік осал санаттарына  тегін заң көмегін көрсету қызметін  атап өтті.

   

  Баспасөз қызметі