-A A +A

Әділет департаменті және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасымен Махамбет ауданында қоғамдық қабылдау өткізілді

       09 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаменті және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасымен Махамбет аудандық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында сот актілерін орындау және тараптардың құқықтарын қорғау мақсатында азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді. Қабылдаудың басты мақсаты: ҚР Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыска қарсы куресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің шешімімен мақұлданған «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы бірлескен жоспарын орындау. Борышкерлер мен өндіріп алушыларды қабылдау, олардың атқарушылық өндірісі бойынша құқықтарының қорғалуы, сақталуы, атқарушылық іс жүргізу бойынша Заңға түсініктер берілді. Қоғамдық қабылдауға Атырау облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Р.Е.Кабиев, Әділет департаменті жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Г.У.Кыстаубаева, аудан прокурорының міндетін атқарушы Ж.Ураков, аудандық соттың кеңсе маманы, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.