-A A +A

Әділет департаментінің сот актілерін орындау мақсатында азаматтарды қабылдауы

           А.ж 8 маусымында Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы С.Тұрғариннің «Нұр Отан» партиясы ғимаратында жеке қабылдауы өткізілді.

       Қабылдау барысында, мүлікке тиым салу жөніндегі сот орындаушылардың қаулылары бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеген кезде туындайтын мәселелер, борышкердің мүлкіне  қандайда бір әрекет жасағандығы үшін жауапкершіліктер, жеке сот орындаушыларымен алимент, жалақы өндіріп алу туралы іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеу шараларының орындалуы, борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, мемлекет пайдасына өндірілуге жататын құжаттардың орындалысы, міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіру шараларын толықтай қамтамасыз ету, сондай-ақ, борышкерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына уақытша шектеу әрекеті талқыланып, қабылдауға қатысушы азаматтардың сауалдарына заңды тұрғыда жауаптар берілді.

Атырау облысы Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі