-A A +A

«Әділет кеңес береді» акциясы

        Ағымдағы жылдың 22 қарашасында  Индер аудандық  Әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Әділет кеңес береді»  акциясы бойынша «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тоқтату, бас тартудың негізгі себептері  және мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында, Атырау облыстық Нотариаттық палатасының жеке нотариусы  және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Индер ауданы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің өкілдері, сондай-ақ аудан  тұрғындарының  қатысуымен құқықтық кездесу күні өткізілді.

         Кездесу барысында,  жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру, бас тарту және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден орындаусыз қайтарып алудың негізгі себептері талқыланды.

         Кездесу соңында, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді уақтылы және сапалы қамтамасыз ету үшін өзара әрекеттестікті оңтайландыру мен нығайту бойынша шешімдер қабылданып, мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде жылжымайтын мүлікті нотариустар қызметі арқылы тіркеу жүргізудің тәртібі бойынша заңды тұрғыда құқықтық кеңестер берілді.

                                                                                                                                                Атырау облысы Әділет департаменті.