-A A +A

«Әділет кеңес береді» атты ақциясы

             15 қыркүйек күні Мақат аудандық  Әділет басқармасы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында кезекті республикалық «Әділет  кеңес береді» акциясы  өткізілді.

           Аталмыш шараға жеке сот орындаушы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және АХАТ бөлімі, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімінің басшыларымен, нотариустардың және  аудандық денсаулық сақтау бөлімінің өкілдері қатысты.

         Акция аясында 15-ке жуық азаматқа құқықтық көмек көрсетілді. Жүгінген азаматтардың сұрақтарының көпшілігі сот шешімдерінің орындалмауы, алимент өндіру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу, құжаттарды қалпына келтіру, тұрғын үй және жер телімдерін алу, сондай-ақ,  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңның  қызметтеріне  қатысты сауалдар болып, аталған бағыттар бойынша арыздар қабылданып, кеңестер берілді. Қойылған сауалдарына барлығына  жауап беріліп  және қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

Департаменттің Баспасөз қызметі