-A A +A

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісіндегі позициясын жақсарту мақсатында дөнгелек үстел

   А.ж 8 маусым күні Атырау облысының Әділет департаментімен  ҚР Ұлттық Банкінің филиалы арасында Атырау облысы бойынша екінші деңгейлі банк өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісіндегі позициясын жақсарту мақсатында дөнгелек үстел өткізді.

   Дөңгелек үстелде, Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары 24-тармағының Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде еліміздің ұстанымын жақсарту мақсатында «Кәсіпорындар ашу» индикаторы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар реті таныстырылып, Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту туралы тиімділігі, орта бизнеске инвестиция тарту сынды мәселелер қаралып, кәсіпкерлерге жеңілдіктер көрсету бойынша ұсыныстар айтылды.

Атырау облысы Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі