-A A +A

Елбасы жолдауының индикаторларын түсіндіру мақсатында «Қазақстан-Атырау-102ҒМ» радиосына сұхбат беру

       А.ж 06 маусым күні «Қазақстан-Атырау-102ҒМ» радиосында  Махамбет аудандық Әділет басқармасының басшысы Н.Күзембаев Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде еліміздің ұстанымын жақсарту мақсатында «Кәсіпорындар ашу» индикаторы бойынша енгізілген өзгерістерге түсінік беру мақсатында сұхбат берді.

         Тілдесу барысында, Елбасының Қазақстанның экономикасын, соның ішінде кәсіпкерлік мәселесі, 2050 жылға дейін жеке кәсіпкерлерді 85% қаржыландыру, заңды тұлғаларды тіркеуі бұрын 10 жұмыс күнде болса, қазіргі таңда «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы тіркеуге өтініш қалдырған азамат 1 жұмыс күн ішінде, ал электронды  (интернет) түрде 1 сағат ішінде тіркелетіндігін айтты.

         Шағын және орта  кәсіпкерлердің қызметін оңтайландыру мақсатында көптеген өзгерістер жүзеге асырылуда, атап айтқанда, жеке кәсіпкерлердің жарғысын тіркеу үшін әділет органдарына тапсырмайтындығы, алғашқы тіркеу кезінде және заңды тұлғаны таратқан жағдайдағы төленетін алымнан босатылғанын, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер әділет органдары арқылы тіркеу үшін 1 күн, одан кейін банктен шот ашуға бөлек өтініш беру,  мөрлерін жасатуға, салық органына тіркелу үшін  бірнеше  күндерді талап ететін.          Осыған орай,  ағымдағы жылдың  23 мамырында  Заңға  енгізілген өзгерістерге сәйкес, кәсіпкерлікті тіркеу туралы өтінішін интернет арқылы белгіленген жүйедегі мәліметті толтырған жағдайда, өтініштер тиісті органдарға автоматты түрде түсетіні жөнінде мағұлымат берілді.

         Бұның бәрі Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде «Кәсіпорындар ашу» индикаторы бойынша кәсіпкерлерді қолдау үшін жасап жатырған игі істер екені түсіндірілді.

       Атырау облысы Әділет департаментінің

                                      Баспасөз қызметі