-A A +A

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы

         Ағымдағы жылдың 10-қаңтарында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауы Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы С.Б.Тұрғариннің бастамасымен  ұжым қызметкерлерімен кеңінен талқыланды.

         Басты талқылауда Елбасының Жолдауының сегізінші және тоғызыншы бағыттары бойынша Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажеттілігі  және мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналатындығы көрсетілген туралы айтылып өтті.

         Біздің еліміздің одан әрі қарай әлеуметтік, экономикалық дамуына серпін беретін Елбасы Жолдауынан қуат алып, құқықтық жұмыстарды насихаттау мақсатында өз жұмысымызды алда да жетілдіре бермекшіміз.
                                                                                                       Атырау облысының Әділет департаменті