-A A +A

«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу тәсілдерін халыққа насихаттау іс-шарасы.

         2017 жылдың қаңтар айының 4-5 жұлдызы күндері Атырау облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен  мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында «электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді электрондық түрде алу тәсілдері туралы үйретуші бейнероликтері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде және барлық аудандық филиалдарында, аудандық денсаулық сақтау мекемелерінде, Атырау қаласының «Рахат», «Дина», «Тамаша» ірі сауда орталықтарында және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде  көрсету іс-шарасы өткізілді.

         Аталған шараны  бейнеролик арқылы насихаттау барысында күнделікті өмірде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы түрімен, яғни «Электрондық үкіметтің» веб-порталынан электронды алу жұмыстарына қатысты жергілікті қалалық және аудандық ауыл тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, толығымен ақпараттандырылды.

         Бейнероликті алдағы күндері аталған орындарда көрсету жалғасын табуда.

                  Атырау облысының Әділет департаменті.