-A A +A

Геолог ауылы тұрғындарымен өткізілген құқықтық күн

         Ағымдағы жылдың 10-қарашасында  Атырау облысы Әділет департамент басшысының орынбасары А.Каримовтың  төрағалық етуімен,  Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы, облыстық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы, Атырау облыстық  Денсаулық сақтау басқармасы, Адвокаттар алқасының адвокаттары мен Нотариаттық  палата өкілдерінен құрылған насихаттық топпен, Геолог ауылдық округінің  тұрғындармен кездесу өткізілді.

        Кездесудің мақсаты -  Елбасы Жолдауы мен 100 нақты қадам талабын насихаттау және атқару өндірісі қызметіне қатысты заңнамаларға енген өзгерістерін түсіндіру және де жылжымайтын мүлікті тіркеу заңдылықтары, адвокаттық қызметтің негізгі реформаларымен таныстыру, мемлекеттік кепілдендірілген тегін заң көмегін көрсету қызметі бойынша, сондай-ақ  азаматтарды тұрғын-үймен қамту, жұмыспен қамту, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бағдарламаларының заңдылықтары, кәсіпкерлікті дамытуға көрсетілетін жеңілдіктер, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша түсіндірмелер жүргізу.

        Жиынға қатысқан ауыл  халықының назарына, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша электронды тіркеу заңдылығы түсіндіріліп, Елбасы Жолдауының басты бағыттарының бірі кәсіпорын  ашу және меншік құқығын тіркеу индикаторлары бойынша, сонымен қатар,  заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заң жобасы бойынша,  адвокаттық қызметтегі негізгі реформаларымен таныстыру және мемлекеттік  кепілдендірілген тегін заң көмегін көрсету негіздері баяндалды.

       Сонымен қатар, насихаттық топ құрамындағы мемлекеттік мекеме өкілдерімен, азаматтарды жұмыспен қамту бағытында  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» жаңа бағдарламасының мақсаты бойынша,  сондай-ақ 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап бірыңғай жәрдемақы-жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілу бағыттары, Денсаулық сақтау басқармасы саласы бойынша халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілгендігі, оның орындалу барысы және 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап сақтандыру жаппай халыққа міндеттілігі халыққа кеңінен ашық жеткізілді.

        Шара соңында, ауыл тұрғындары  өз көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарын қойып, оған тісті деңгейде  заң шеңберінде  жауаптар берілді. 

 

                                                                          Атырау облысының Әділет департаменті