-A A +A

ХАБАРЛАНДЫРУ

       Атырау облысы Әділет департаментімен  ағымдағы жылдың маусым айының 29-шы жұлдызы сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында 07.06.2017 ж. №689, №153 санымен «Алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар тұлғаларды еңбекпен қамту мәселесі бойынша өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес, БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, прокуратура өкілдерімен, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен  бірлесе отырып, берешегі 3 айдан астам жұмыссыз жүрген борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру үшін  жәрмеңке өткізіледі.

       Өтетін орыны: Атырау қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі ғимараты, Авангард мөлтек ауданы  2 , 23Б  үй.