-A A +A

«Халыққа заң көмегін беру» акциясы

        13 қазан күні Мақат аудандық Әділет басқармасы «Нұр Отан» партиясы филиалында азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін, сондай-ақ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасын түсіндіру мақсатында «Әділет кеңес береді» атты акция өткізілді.

        Шара барысында,  аудандық орталық аурухана директорының ана мен бала денсаулығын қадағалау орынбасары  Р.Л.Тайшекенова дүниежүзі тәжірибесінде өзінің оңды нәтижесімен көрінген медициналық сақтандыру жүйесінің елімізде енгізілгені денсаулық сақтау саласының қызметін жақсартуға, оны тұтынушы - халықтың денсаулығын мықтап, сапалы ем алуына қол жеткізері сөзсіз екендігін атап өтті.

       Сондай-ақ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасындағы   өзгерістерді түсіндіру, оның ішінде азаматтарға тегін заң көмегін көрсету бағыты бойынша халыққа түсіндірілді.

       Акцияға келушілер тарапынан, денсаулық саласының мамандарына, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектер мен дәрі дәрмектермен  қамтамасыз ету дәрежесінің қаншалықты жақсаратыны туралы, сонымен қатар адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер азаматтарға мемлекет тарапынан қандай тегін заң көмегі берілетіндігі жөнінде сұрақтар қойылып, заң шеңберінде жауаптар берілді.

Баспасөз қызметі