-A A +A

Индер ауданының тұрғындары арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша кездесу

         25 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен облыстық Қорғаушылар алқасының адвокаттары, облыстық Нотариаттық Палатасының нотариустары, жеке сот орындаушылар, Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері, №1 облыстық аурухананың директорының қатысуымен Индер ауданының тұрғындары арасында кездесу өткізілді.

         Кездесуде Елбасының биылғы Жолдауы,  Ұлт жоспарының «100 қадам» талабымен заң үстемдігін қамтамасыз етудегі жеке сот орындаушылар қызметін жандандыру мақсатындағы өзгерістер мен толықтырулар енген ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (бұдан әрі – МӘСЖ) енгізу бойынша ақпараттық түсіндіру, нотариаттық іс-әрекеттерге қатысты мұралық іс ашу, сенімхат беру, сату-сатып алу ресімдерінің заңдылығы, сонымен қатар, әділет саласы қызметіне қатысты түсінік жұмыстары жүргізілді.

                                                                   Атырау облысы Әділет департаменті