-A A +A

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген дөңгелек үстел

          ҚР тұңғыш Президенті күніне орай, а.ж. 20-қарашасында  Әділет департаментінде дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

           Шараға, Атырау облысы әкім аппаратының Қазақстан халық Ассамблеясы хатшылығы, қоғамдық бірлестіктер мүшелері де қатысып, аталмыш мерекенің мән-маңызы, Елбасының көшбасшылық орны, әлемдік қауымдастықтағы беделі жөнінде пікірлерімен бөлісті.

           Департамент басшысы С.Тұрғарин: "Қазақстанның тұңғыш Президенті еліміздегі халық бірлігінің кепілі болып табылады. Елбасының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар қоғам мен мемлекетті түбегейлі өзгертті. Осының бәрі - Елбасының еңбегі",  деп  атап өтті.

           Атырау облысы әкім аппаратының Қазақстан халық Ассамблеясы хатшылығы басшысы Г.М.Шәкірова Елбасы саясаты нәтижесінде Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын, сондықтан Президент күнін мемлекет басшысының қызметін бүкіл ел болып мойындау деп білу керек деп өз пікірін айтты.

           Дөңгелек үстелге қатысушылар тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның табыстарын Елбасы есімімен байланыстыратыны туралы ортақ тоқтамға келді.

 

                                                                                                                                       Атырау облысының Әділет департаменті