-A A +A

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өткізілді.

             Ағымдағы жылдың 15-желтоқсанында Атырау облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өткізілді.

             Салтанатты жиын Қазақстан  Республикасының Әнұранымен басталып, Департамент басшысы С.Тұрғариннің құттықтау  сөзімен ашық деп жарияланды. Сөз кезегі,  құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н.Елубаеваның «Ел Тәуелсіздігіне – 26 жыл» атты  баяндамасымен жалғасты.

                 Сонымен қатар, аталған жиын барысында Әділет департаментінің қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай ерекше еңбегі мен әділет органдарының қызметіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің медальдары және алғыс хаттарымен марапатталды.

         

 

                                                                                                         Атырау облысы Әділет департаменті.