-A A +A

Қазпошта терминалдары арқылы қарыз төлеуге және шетелге шығуға тыйым салуды алып тастауға болады

           Шілде айының 5-жұлдызында  Атырау облысы Әділет департаментінің жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Г.Қыстаубаевамен «Қазақстан-Атырау 102FM» радиосында халықтың назарына беру мақсатында,  Қазпошта терминалдары арқылы қарыз төлеуге және шетелге шығуға тыйым  салуды алып тастауға болатыны жөнінде сұхбат берді.

           Аталған мәслеле бойынша, «Қазпошта» АҚ төлем жүйесіне әрбір азамат өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізе немесе оны кассалық бөлімшенің қызметкеріне хабарлай отырып, айыппұлдардың, мемлекеттік баж салымдарының,  өсімдердің бар жоғы туралы мәлімет ала алады. Төлемді қабылдау Қазақстан Республикасы қалаларының әуежайларында және қоғамдық орындарда орналасқан.

 Берешектің төленгені жөніндегі ақпарат «электронды үкімет» шлюзы арқылы 15 минут ішінде деректер қорына  жолданады, одан кейін 30 минут ішінде сот орындаушының қатысуынсыз елден тысқары шығуға шектеу алынып тасталады. Осылайша, елден шығуға уақытша тыйым салынған азаматтар тәлік бойы берешектерін төлеуге мүмкіндік алды.

Қазпошта терминалдары және бөлімшесі арқылы төлеу кезінде елден шығуға тыйымды автоматты түрде алып тастау тек 2015 жылғы 1 шілдеден кейінгі тыйымдарға қолданылады. 2015 жылғы 1 шілдеге дейінгі қойылған тыйымдар бойынша шектеулерді алып тастау бұрынғы қолданыстағы тәртіп бойынша, сот орындаушысына төлем туралы растаушы құжатты ұсыну жолымен жүзеге асырылады.

ҚР заңнама талаптарына сәйкес, терминал арқылы берешектерді төлеудің максималды сомасын 2 000 000 теңгеге дейін шектеу белгіленген, терминал арқылы төлеуге тариф берешек сомасынан 1%-ды құрайды, бірақ әрбір төлем үшін 100 теңгеден кем емес.

 

Атырау облысы Әділет департаменті