-A A +A

Кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы

       Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Атырау облысы Әділет департаментінің  ұйымдастыруымен, Облыстық  «Нұр Отан» партиясының ғимаратында, Нотариаттық  палата жеке нотариустары мен Адвокаттар алқасының адвокаттары, Жеке сот орындаушылар палатасының өкілдерімен бірігіп, әділет департаментінің негізгі бағыттары бойынша «Әділет кеңес береді» акциясы бағытында азаматтарды қабылдау өткізді.

         Іс шараға қатысқан барлық азаматтарға тегін заң көмегі көрсетіліп, азаматтарға жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды  рәсімдеу, сот  актілерінің  орындалуы, сот  шешіміне  шағымдану  тәртіптері, кассациялық  шағым жасау,  адвокаттық  және  нотариалдық  қызметтің оның ішінде мұралық істі рәсімдеу талаптары түсіндіріліп, тұрғындар тарапынан алимент өндіру, сот шешімдерінің мерзімінде орындалмау фактілері бойынша қойылған сұрақтарына заңды тұрғыда жауаптар берілді. Жалпы, акция барысында  30-дан  астам азаматтарға кеңес берілді.

 

                                                                                                               Атырау облысы Әділет департаменті