-A A +A

«Контрафактілікке қарсы күрес» тақырыбында баспа-конференция

    А.ж 1 маусым күні Атырау облысы Әділет департаментімен Мемлекеттік кірістер департаменті, Ішкі Істер Департаменті өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» индикаторын жақсарту мақсатында «Контрафактілікке қарсы күрес» тақырыбымен баспа-конференция өткізілді.

   Басты спикер Атырау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары  бөлімінің басшысы М.Мұхсановтың баяндауында, зияткерлік меншікті қорғауға оңтайлы жағдай туғызудағы маңызды қадамдардың бірі – контрафактілік өнімммен күрес, зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған шараларды ұйымдастыру болып қара береді, «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 158-бабы, яғни тауар белгісін заңсыз пайдалану бойынша 2016 жылы Республика бойынша Әділет органдары тарапынан жалпы 157 әкімшілік іс қозғалғанын айтып өтті.

   Сондай-ақ, заңсыз айналымдағы контрафактілік өнімнің 15 860 данасы тәркіленгендігі, тауардың жалпы сомасы 14 938 235 теңгені құрағаны айтылып және 2016 жылы 16 цехтың жасырын әрекеттері ашылғандығы баяндалды. Құзырлы органдардың мәліметінше, Атырау қаласында жергілікті заңды тұлғаның лауазымды тұлғаларымен «Shell» тауар таңбасымен заңсыз май өнімін шығарылғаны бойынша цехы анықталды.  Тергеу барысында, жергілікті кәсіпкерлерге жалпы 169 миллион теңгені құрайтын контрафактілік өнім жеткізілгені дәлелденді.

  Конференция соңында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан  ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» индикаторы бойынша қойылған сұрақтарына заңды тұрғыда жауаптар берілді.

Атырау облысы Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі