-A A +A

ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңының жобасы шеңберінде өткізілген дөңгелек үстел

         09 қараша күні Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Каримовтың төрағалығымен, ҚР Әділет министрінің орынбасары Ж.Ешмағамбетовтың тапсырмасын орындау мақсатында, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңының жобасы шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шараларды орындау үшін, дөңгелек үстел өткізілді.

         Дөңгелек үстелге - Атырау облысы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру Департаменті және мемлекеттік  мекемелер, яғни Облыстық қаржы басқармасы, Мемлекеттік кірістер департаменті, Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы, Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Атырау қалалық қаржы бөлімі, Атырау қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі, сонымен қатар  ауылдық округ әкімдері қатысты.

        Кездесу барысында, ҚР Әділет министрлігімен жолданған «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қорларын  салыстыру және актуалдандыру жұмыстары бойынша кадастрлық номердің қайталануы, ЖСН енгізілмегені, кадастрлық номері жоқ нысандар, мекен жайы көрсетілмеген,  РКА коды енгізілмегені, аты-тегі сәйкес келмеуі,  Кадастрлық нөмірдің басқа азаматқа тіркелгені, тұрғын үй, пәтер, жер учаскелерінің жалпы алаңы көрсетілмеу фактілері бойынша талқыланып, дерек қорларын салыстыру және актуалдандыру жұмыстарына қатысты мемлекеттік органдар тарапынан қойылған сұрақтарға заңды тұрғыда жауаптар беріліп, құзырлы органдарға аталған қызмет бойынша әрі қарай өзара іс-қимылын арттыру жөнінде ортақ шешім қабылданды.