-A A +A

Кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту мақсатында тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында кездесу

     Шілде айының 14 жұлдызында  Мақат аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен, Мақат ауданының әкім аппараты, Кәсіпкерлер  бөлімі және де  аудандық жер қатынастар бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен,  Бәйге төбе селолық округінің тұрғындарымен және жергілікті кәсіпкерлер арасында   ҚР кәсіпкерлік кодексіндегі кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту, қолданыстағы Заңға енген өзгерістерді  түсіндіру мақсатында  кездесу өткізілді.

    Шара барысында, әділет органдарымен Елбасы Жолдауының басты бағыттары түсіндіріліп, кәсіпорын  ашу және меншік құқығын тіркеу индикаторлары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. Сонымен қатар, селолық округ  тұрғындарының кәсіпкерлік бағдарламаларын жақсарту мақсатында сұрақтарымен жүгінген азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары аясында түсініктер берілді.

 

Атырау облысы Әділет департаменті