-A A +A

«Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

          А.ж 27-қарашасында Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен, Облыстық және қалалық соттардың өкілдері, Атырау облыстық прокуратура және Ішкі істер департаментінің  өкілдері, сонымен қатар  жеке нотариустар мен Адвокаттар алқасының адвокаттары, Жеке сот орындаушылар палатасының өкілдерінің  қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді.

          Шараның мақсаты- «Құқық қорғау қызметінің  процестік негіздерін жаңғырту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының негізгі ережелерін талқылау.

          Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қылмыстық-процессуалдық кодексіне, «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Заңына  енгнізілген өзгерістер мен тузетулер туралы ақпаратпен танысты, сонымен қатар аталған заң жобасының аясында адвокаттардың процессуалдық өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

           Шара соңында қатысушылардың аталған Заң жобасына байланысты пікірлері тыңдалып, ұсыныстары назарға алынды.

                                                                                                                            Атырау облысының Әділет департаменті