-A A +A

Медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша семинар

        Ағымдағы жылдың 30-қарашасында Мақат аудандық Әділет басқармасы  Мақат кент әкімшілігінің қызметкерлері, аудандық орталық аурухана қызметкерлері, аудандық  жұмыспен қамту,  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері мен мүшелерінің қатысуымен Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу мәселелері бойынша семинар өткізді.

         Іс–шараның мақсаты- «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» жүйесін халыққа түсіндіру, денсаулыққа қатысты сауаттылықтары мен құқықтық  білім деңгейлерін арттыру және білікті заңгерлік көмек көрсету.

          Мақат аудандық Әділет басқарма басшысының м.а. Р.Есимова  семинар қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде МӘМС-тің енгізілуі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің дамыған елдердің үлгісі бойынша қаржылық-тұрақтылыққа алып келетіндігін, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратындығын және мемлекет пен азаматтардың денсаулығына жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін алға тартты.

         Іс-шара барысында семинар қатысушылары МӘМС-ті енгізуге қатысты қызықтырған сауалдарына жан-жақты жауап алды.

Атырау облысының Әділет департаменті