-A A +A

«Мектепке жол» атты дәстүрлі акциясы ұйымдастырылды

       24 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы бойынша құрылымдық бөлімдерімен бірлесіп, алимент төлемдерін ала алмай жүрген өндіріп алушылардың балаларына көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы өткізілді.

         Акцияда департамент басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Каримов бірінші өндіріп алушылардың өтініштерін тыңдап, балаларға оқу  құралдарымен қаржылай сыйлықтарын табыс етті.

Атырау облысы Әділет департаменті