-A A +A

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңнама талаптарын түсіндіруге бағытталған құқықтық шаралар

   

            А.ж. 14 қарашасында Әділет департаментінің ұйымдастырумен, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ атырау облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің №2 ғимаратында,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы заңнамалардың нормалары мен талаптарын түсіндіруге бағытталған құқықтық күн  іс-шарасы өткізілді.

        Шараның басты мақсаты -  халық арасында түсіндірме шараларын жүргізу, яғни  заңгерлік тұрғыда құқықтық кеңес беру арқылы,  мемлекеттік  қызмет заңнамасының нормалары мен талаптарын түсіндіру, оларды көкейтесті сұрақтары бойынша заңды тұрғыда кеңестер беру.

         Аталған шараға Әділет департаменті қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері және облыстық Адвокаттар алқасы, Нотариаттық палата және Сот орындаушылар палатасының өкілдерімен, жергілікті БАҚ өкілдері  қатысты.

       Шараға қатысқан азаматтарға әділет органы қызметінің бағыттары бойынша, оның ішінде нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысуға аттестациядан өтуге ниет білдірушілердің құжаттарын  «электрондық үкімет» eGov.kz веб-порталымен қабылдау бағыты бойынша, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  бойынша құжаттарды тапсыру тәртібі мен орындалу мерзімдері бағытында құқықтық тұрғыда кеңестер берілді.

 

                                                        Атырау облысы Әділет департаменті