-A A +A

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және қызмет этикасы қағидалары түсіндірілді

         13 қыркүйек күні Мақат аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мақат аудандық бөлімінің қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізді.

        Дөңгелек үстелде, Мақат аудандық Әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушысы ҚР Президентінің 29.12.2015 ж №153 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодекісінің қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауы, міндетін адал әрі сапалы атқаруы, жұмыстан тыс уақытта қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауы, сырт  келбеті мен киім үлгісінің  қарапайым  әрі ұқыпты болуы, жұмыс уақытында мобильді құрылғыларды пайдаланбау турасын түсіндіріп, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау,  қызмет саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, сұрақтарға жауаптар берді.

Атырау облысы Әділет департаменті