-A A +A

Мемлекеттік тіркеу тәртібі бойынша сұхбат берілді

       07 тамыз күні Атырау қалалық Әділет басқармасының басшысы А.С. Кадралиев облыстық телеарнаның «Өзекті мәселе» хабарында мемлекеттік тіркеу тәртібі бойынша сұхбат берді.

     Сұхбат барысында, қосымша салынған құрылыстарды тіркеу, тіркеу мерзімін бұзған жағдайдағы жауапкершіліктер, жалға алған жердің құжаттарын ресімдеу, кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер, тұрғын үйді мұралыққа қабылдау, жылжымайтын мүліктің тіркеу мерзімін сақтау, қайта жоспарлау нысанын тіркеу және кәсіпкерлікті ашу жөнінде кеңестер беріліп, сондай-ақ, тікелей эфир аясында телефон шалған телекөрермендердің де сауалдарына жауаптар берілді.

Атырау облысы Әділет департаменті