-A A +A

«Меншік құқығын тіркеу» индикаторын талқылау мақсатында дөңгелек үстел

    15 тамыз күні Мақат аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мақат аудандық бөлімі, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру Департаменті Мақат аудандық бөлімшесі, аудандық  саулет және қала құрылысы бөлімі өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде еліміздің ұстанымын жақсарту мақсатында «Меншік құқығын тіркеу» индикаторы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

    Дөңгелек үстелде Елбасы Жолдауы мен «100 нақты қадам» жоспарының талабы, мемлекеттік тіркеу, оның ішінде  жеке кәсіпкерлік  субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөр жасау міндеті жойылғандығы, оның ішінде түпнұсқа беру кезіндегі бас тартулар, құқық белгілеуші құжаттардың алынбау себептері және бас тарту қолхатын беру мәселелері айтылып, аталмыш кемшіліктерді болдырмау, қызмет барысында шешу жөнінде ұсыныстар берілді

 Атырау облысы Әділет департаменті