-A A +A

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тоқтамайды» және «Мемлекеттік қызметшінің этикалық құзіреттері мен мінез-құлық мәдениетінің өзара байланысы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді

         2017 жылы мамыр айының 26-шы жұлдызында Атырау облысы Әділет департаментінің персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тоқтамайды» және «Мемлекеттік қызметшінің этикалық құзіреттері мен мінез-құлық мәдениетінің өзара байланысы» тақырыбында семинар кеңес өткізілді.  

       Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы басшысы Ұзақбаев Нұржан Ғалымжанұлы, Атырау Мұнай және газ университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының канидидаты доцент Нығметов Болат Сырымұлы және департаменттің, қалалық аумақтық бөлімдердің, қалалық әділет басқармасының барлық қызметкерлері қатысты.

         Семинар барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы басшысымен бейнеролик көрсетілді.

                   Атырау облысы Әділет департаментінің

                                                                                                                                                                                     Баспасөз қызметі