-A A +A

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында семинар

      А.ж  6 маусымында  Махамбет аудандық Әділет басқармасымен аудандық орталық кітапхана ғимаратында кітапхана оқырмандары мен аудандық «Жауқазын», «Алтын балық» балабақшаларының тәрбиешілері қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық-үлкен әлеуметтік қасірет» тақырыбында семинар өткізілді.

      Семинар барысында, Елбасы Жолдауының басты міндеттері түсіндіріліп,  ҚР  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары , жемқорлық әрекетке ықпал ететін негізгі факторларды болдырмау шешімін талап ететін проблемалар, сондай-ақ, жемқорлық көріністеріне жағдай жасайтын негізгі факторлармен күрес жұмыстарын жетілдіру мәселелері талқыланды.

                                                                                                                                                        Атырау облысы Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі