-A A +A

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

 «Атырау облысының Әділет департаменті» РММ, 060006, Атырау облысы,  Атырау қаласы, М.Баймұханов  көшесі, 16 «А», анықтама үшін телефон: 8(7122) 30-69-00, электрондық мекенжай: g.kystaubaeva@adilet.gov.kz  (link sends e-mail)  тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы  жариялайды.

Аттестаттау  «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына, 30.11.2015 ж.  № 605 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға қойылатын негізгі талаптар: жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өткен, Қазақстан Республикасының азаматы.  

Үміткердің ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексін, ҚР Қылмыстық кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексін және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңын білуі.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңның 140  бабының (link is external) 2 тармағында көзделген негіздер бойынша, нақтырақ, Қазақстан Республикасының заңында (link is external) белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы өкілеттіктері берілгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда (link is external) белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда,  атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған; жеке сот орындаушысының лицензиясынан айрылған адамдарға аттестаттауға жiберуден бас тартылады.

Құжаттар Атырау облысы Әдiлет департаментінің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде  12 шілдеден  11 тамыз 2017 ж. аралығында  қабылданады.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Атырау облысы  Әділет департаментінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz (link is external), www.elicense.kz (link is external) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Аттестаттау өткізу орны: Атырау облысы, Атырау қаласы, М.Баймұханов көшесі  301 каб.

Аттестаттаудың қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

Әділет департаментіне:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшасына (link is external) сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;

2) жеке куәлігі (link is external) және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын  құжат  (link is external) (сәйкестендіру үшін);

3) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына (link is external) сәйкес мәліметтер нысаны;

- дипломының бар екендігі туралы;

- тағылымдамадан өткендігі туралы;

4) наркологиялық (link is external) және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар (link is external);

Порталға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына (link is external) сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;

2) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына (link is external) сәйкес мәліметтер нысанының электрондық көшірмесі;

- дипломының бар екендігі туралы;

- тағылымдамадан өткендігі туралы;

3) наркологиялық (link is external) және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың (link is external) электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, оған күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон беріледі. Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.