-A A +A

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы

Атырау облысының Әділет департаменті, Атырау қаласы, М.Баймұханов көшесі 16 а, 3 қабат 301 кабинет мекен-жайы бойынша, анықтама үшін телефон: 8 (712 2) 30 69 00, электронды адресі G.Kystaubaeva@adilet.gov.kz.

2017 жылдың 31 қазан  сағат 10:00 - де тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы  жариялайды.

Аттестаттау 30.04.2015 ж. №249 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына, 30.11.2015 ж. № 605 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығына үміткер болған аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімі:

 

Рет санып

Тегі

Аты

Әкесінің аты

ЖСН

1

Канатов

Арсен

Есенаманович

880323300870

2

Муратканова

Гульмира

Скендировна

740119400631

3

Ниеткалиев

Бакытжан

Рахметович

840314302652

4

Уахитов

Бекболат

Сагиденович

790820303174

5

Байтемиров

Бектурган

Байтемирұлы

860808301613

6

Каменова

Зульфат

Аманшельдиевна

911122400825

7

Хамзина

Шынаргул

Мырзалиевна

851111401394

 

30.11.2015 ж. № 605 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидалар бойынша, аттестаттау екi кезеңнен тұрады:
         1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуiне тест тапсыру;

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі компьютерлік тестілерге (бұдан әрі - тест) енгізілуі тиіс және бір дұрыс жауабымен кемінде үш нұсқасы бар Қазақстан Республикасының , Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін , Қазақстан Республикасының , Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін  және Заңды  білуіне сұрақтар тізбесін жасайды.       

Yмiткер өз қалауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тiлiнде өтеді.

Тестілеуден өту үшін сұрақтардың жалпы саны 100-ді құрайды.
Тестілеу үшін берілген уақыт 90 минутты құрайды.

Егер дұрыс жауаптардың саны сұрақтардың жалпы санының 70 және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.

2) үмiткердiң бiлiмiн ауызша әңгімелесу түрінде тексеру.

Емтихан билетіне еңгізілетін сұрақтардың тізбісін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігімен бекітіледі. Емтихан билетіне сұрақтар жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшiн бiлудi қажет ететiн құқықтық тәртіп тақырыбына сәйкес келетін кемінде үш сұрақ кіреді. Үміткерге емтихан билеті бойынша дайындыққа 10 минут беріледі.

Емтихан билеттері бойынша дұрыс берілген ауызша жауаптар Комиссия мүшелерімен бесбалдық жүйесімен  бағаланады.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің басым дауысымен тиісті шешім қабылдайды.

Аттестаттаудан өтпеген үміткерлерге келесі аттестаттауға қайтадан қатысу үшін кедергі болмайды.

Аттестаттау жүргізілген кезде туындаған даулар сот тәртібінде қаралады.

Үміткерде комиссия отырысына келген кезде жеке куәлігі болу керек