-A A +A

Тіркеуден өтпеген жылжымайтын мүлікті заңдастыру мәселері бойынша жәрдемдесу мақсатында өткізілген кездесу

       Үстіміздегі жылдың 07 маусымында  «Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының ғимаратында, аудандықы Әділет басқармасының ұйымдастыруымен, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, экономика және қаржы бөлімінің мамандары мен Ганюшкин ауылдық округі әкімі және жеке нотариустардың қатысуымен, аудан, ауылдық округ шегінде орналасқан мемлекеттік тіркеуден өтпеген (тіркелмеген)  жылжымайтын (жер телімдері, ғимараттар)  мүліктерді тіркеуден өткізуге  жәрдемдесу, құқықтық кеңес беру мақсатында қабылдау өткізілді.

      Кездесу барысында, селолық округ тұрғындарының  ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы» Заңында көрсетілген мерзімде, жылжымайтын мүлікті тіркетпеген жағдайда қолданылатын әкімшілік шаралар туралы, нотариаттық іс-әрекеттер жасау рәсімдерінің заңдылықтарын, оның ішінде мұралық істің мерзімі, меншік құқығын сот арқылы тану тәртібін түсіндіре отырып, тұрғындардың құжаттарымен танысып, тиімді жолдарын ұсыну арқылы, заңды тұрғыда құқықтық көмек көрсетілді.  

Атырау облысы Әділет Департаментінің

Баспасөз қызметі