-A A +A

«Тәуелсіздік жолы – кеше, бүгін, ертең»

             2017 жылғы 8желтоқсанда Мақат  ауданының әділет басқармасы Доссор кентінде  әкімшілік қызметкерлері және кент  тұрғындарының  қатысуымен ҚР Тәуелісіздік күніне орай «Тәуелсіздік жолы – кеше, бүгін, ертең» тақырыбына кездесу   өткізілді.

             Кездесу барысында әділет басқарма  басшысының м.а. Р.Есимова  тәуелсіздік жолындағы басты кезеңдері туралы, сонымен қатар басты факторы дана саясат болып табылатын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген елдің табыстары туралы айтып өтті.

             Кездесу барысында азаматтарға тегін заң қызметін көрсету бағытындағы заң талаптары мен атқарылудағы жұмыстар бағыттары   бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жалпы алғанда Электрондық Үкімет дамуының нормаларын түсіндіруге қатысты сұрақтар қойылды, сол сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп талқыланды.

                                                                                                                                    Атырау облысының әділет департаменті