-A A +A

Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты өткізілген кездесу іс-шарасы

      А.ж 22 және 24-қарашасында Жылыой аудандық Әділет басқармасы басшысының төрағалық етуімен, Тұрғызба және Қосшағыл кенттерінде Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған кездесу іс-шаралары өткізілді.

      Кездесуге аудандық және селолық округ әкімдері, аудандық әкім аппаратының Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі,  қоғамдық бірлестік мүшелері, аудандық білім беру мекемелері, нотариаттық палата мен адвокаттар алқасының өкілдері, аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері  мен жергілікті тұрғындар қатысты.

      Кездесудің басты мақсаты- ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңына сәйкес,  Елбасының «Қазақстан 2050»  Стратегиясы мен «Рухани жаңғыру» жоспарын іске асыру мәселелерін талқылап, аталған мерекені басты назарға алу.

      Кездесуге келген қатысушыларды мемлекетіміздің атаулы мерекесімен құттықтап, еліміздің экономикасының технологиялық жаңғыртылуына, елдің жаһандық бәсекелеске қабілеттілігін арттыруға, Тәуелсіздік құндылықтары мен патриотизмін нығайтуға, әрбір қазақстан азаматының мемлекетіміздің одан әрі дамуына үлес қосуға атсалысуға шақырды.

                                                                                                                                 Атырау облысының Әділет департаменті