-A A +A

Тұрғындарға тегін заң көмегін беру заңдылығы түсіндірілді

     04 қыркүйек күні Атырау облысы Әділет департаменттің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н.Елубаева және Атырау облысы Адвокаттар алқасының адвокаты Р.Жакупов облыстық телеарнаның «Заң қуаты» бағдарламасының тікелей эфирінде сұхбат беріп, тұрғындарға мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегін беру Заңының ережелері түсіндірілді. 

      Сұхбатта ҚР «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңымен адвокаттар, нотариустар және сот орындаушылар көрсететін тегін заң көмегіне қандай жағдайларда жүгіне алатыны, мемлекеттік кепілдік беретін заң көмегін көрсететін субъектілер, тегін заң көмегін алуды растайтын құжаттар реті түсіндіріліп, телекөрермендердің сауалдарына заңды тұрғыда жауаптар берілді.

Атырау облысы Әділет департаменті