-A A +A

"Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу" тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

   

          13 қараша күні  Құрманғазы аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен,  аудандық сәулет және қала құрылысы, «Азаматтарға арналған-Үкімет»  мемлекеттік корпорациясы»   коммерциялық емес АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы «Жер кадастры және жылжымайтын мүліктерді техникалық түгендеу» департаментінің Құрманғазы аудандық бөлімшесі, аудандық қаржы бөлімі, Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларының және округ әкімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.   

          Дөңгелек үстелді өткізудың басты мақсаты: «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңының жобасы шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шаралардың 4,5,6 тармақтарын орындау кезінде уәкілетті органдардың дерек қорларын салыстыру және актуаландыру.

          Өткізілген іс-шара барысында, ҚР Әділет министрлігімен жолданған «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қорларын  салыстыру және актуалдандыру жұмыстары бойынша кадастрлық номердің қайталануы, ЖСН енгізілмегені, кадастрлық номері жоқ нысандар, мекен жайы көрсетілмеген,  РКА коды енгізілмегені, аты-тегі сәйкес келмеуі,  Кадастрлық нөмірдің басқа азаматқа тіркелгені, тұрғын үй, пәтер, жер учаскелерінің жалпы алаңы көрсетілмеу фактілері бойынша кеңінен түсіндіріліп өтті.

        Үстел барысында қатысушылардың сұрақтары мен пікірлері тыңдалып, заңды  тұрғыда жауаптар берілді.

 

                                   Атырау облысының Әділет департаменті