-A A +A

Жылыой ауданының тұрғындары арасында «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылды

22 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының Жылыой аудандық бөлімшесі ғимаратында, Департамент басшысының орынбасары А.Каримовтың төрағалығымен «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылып, аталған шараға 11 азаматтардың   алимент  және жалақы өндіру, тұрғын-үй, жер құжаттарын қалпына келтіру, жаңадан кәсіп ашу, Әділет департаменті қызметкерлерімен жылжымайтын мүлікті , азаматтық хал актілерін тіркеу бағыттары бойынша түскен сауалдарына  заңды тұрғыда жауаптар берілді. Шараның ұйымдастырылғаны бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілді.

Атырау облысы Әділет департаменті