-A A +A

Жылыой ауданының тұрғындарымен құқықтық күн өткізілді

       22 қыркүйек күні Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Каримовтың төрағалығымен Жылыой ауданының әкімі, Атырау облысы әкім аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы, «Халықаралық құқық қорғау Орталығы»  қоғамдық бірлестігі Медиация Орталығының  кәсіби медиаторы, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар, аудандық сот қызметкерлерінің қатысуымен халыққа заң көмегін көрсету мақсатында Жылыой ауданы тұрғындары арасында құқықтық күн өткізілді.

       Аталмыш шарада, ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңның ережелерін, Адвокаттық қызмет туралы заңнамаға енгізілетін Заң жобаларын таныстыру, жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаны тіркеу заңдылықтары, әділет саласы қызметіне қатысты енгізілген өзгерістері түсіндірілді.

Атырау облысы Әділет департаменті