-A A +A

«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қорларын салыстыру және актуалдандыру мақсатында өткізілген дөңгелек үстел

 

           А.ж. 15-қарашасында  Жылыой аудандық Әділет басқарма басшысы А.С.Нұғманның төрағалық етуімен Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет»   КЕАҚФ Атырау облысы бойынша  филиал- «Жер кадастры және  жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің  Жылыой   бөлімі, Жылыой аудандық қаржы бөлімі, Жылыой ауданы құрылыс сәулет   және қала   құрылысы, Жылыой аудандық жер қатынастар   бөлімдері өкілдері және Жем, Қара-арна, Майкөмген,  Қосшағыл, Жаңа Қаратон кенті округтері  әкімдерінің қатысуымен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қорларын  салыстыру және актуалдандыру жұмыстарын пысықтау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

         ҚР Заңының  жобасы шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетімен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шаралар 4,5,6 тармақтарын орындау  кезінде уәкілетті органдардың «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қорларын  салыстыру және актуалдандыру жұмыстарын пысықтау бойынша талқылау жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді, атап айтқанда кадастрлық номердің қайталануын, толық мекен жайы көрсетілмегенін, ЖМТ МД қорына нысандардың жалпы алаңының енгізілмеуін жою үшін бірнеше уәкілетті органдар болып жұмылып жұмыс жасау керектігі айтылды.

          Қатысушылардың тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, заңға сәйкес жауаптар берілді.

 

                                                                                                                                               Атырау  облысы  Әділет департаменті