-A A +A

Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу кезінде туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында тұрғындармен кездесу

      13 шілде күні Исатай аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен аудандық жер қатынастар, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, аудандық жер кадастыры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімдері, әкім аппараты, ХҚКО мамандарының қатысуымен Аққыстау поселкесі тұрғындарының арасында тіркелмеген иесіз жылжымайтын мүліктерді анықтау және мемлекеттік тіркеуді жүргізу кезінде туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында кездесу өткізілді.

       Шара барысында,   жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу барысында туындайтын мәселелер талқыланып, жылжымайтын мүлікті сату немесе сатып алу  барысында, жылжымайтын мүлікті тіркеуші органға  тіркетпейінше ол заңды иесіз мүлік болып табылатынын айтып өтті.

      Осы мақсатта, дерек қорды өзектендіру үшін бүгінгі күнде барлық ауылдық селолық округ тұрғындары назарына жылжымайтын мүлкін түгендеу, барлық ақпаратты түгендеу, қателіктерді түзету шаралары жүргізілетіні  жөнінде мағұлыматтар берілді.

Атырау облысы Әділет департаменті