-A A +A

Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудегі заңнамаларды түсіндіру мақсатындағы өткізілген дөңгелек үстел

        А.ж  6 маусымында  Жылыой аудандық Әділет басқармасымен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті, Жылыой аудандық статистика басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы, аудандық жер қатынастар бөлімі, аудандық Жер кадастры және техникалық тексеру департаментінің Жылыой аудандық бөлімшесі, өкілдерінің қатысуымен жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бағытында кездесетін мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді. 

       Дөңгелек үстелде, Әділет министрлігі тарапынан соңғы жылдары арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру арқылы оларды мемлекеттік қолдау, 2013 жылдан бастап шағын кәсіпкерлік субъектісін интернет арқылы тіркеу мүмкіндігін іске қосу, жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу кезінде жарғыны талап етпеу, кәсіпкерлерді тіркеу мерзімдерін қысқарту, қағаз түріндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруді жою секілді мәселелері талқыланды.

       Және де  шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғылық капиталын құру туралы заң талабы жойылғандығын, яғни, шағын кәсіпкерлік субъектісі өзінің жарғылық капиталы 0 теңге етіп белгілеуге құқылы екендігі айтылып,қатысушылардың тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, заңға сәйкес жауаптар берілді.

                                                             Атырау облысы Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі