-A A +A

«Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

   А.ж. маусым айының 7-ші жұлдызында Махамбет аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен,  аудандағы құқық қорғау органдары мен жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің және «Азаматтарға арналған-Үкімет»  мемлекеттік корпорациясы»   коммерциялық емес АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы-  ХҚКО департаментінің аудандық бөлімі мамандарының қатысуымен қатысуымен «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында семинар өткізілді.

   Семинар барысында басқарма басшысы Н.Т.Күзембаев  «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» индикаторы шеңберінде былтырғы жылда ел басымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершіліктер күшейтілгені, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158 бабы бойынша  айыппұл соммасының  40 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілгені, сондай-ақ  авторлық және сабақтас құқықтарын бұзған үшін Қылмыстық кодексінің 198 бабымен жауапкершлік көзделгені жөнінде түсіндірме жүргізіліп, қатысушылардың туындаған сұрақтарына заңды тұрғыда жауаптар берілді.

 

                                               Атырау облысы Әділет департаментінің

                                               Баспасөз қызметі