-A A +A

Зияткерлік меншік құқықтарының жауапкершіліктерін түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел

     А.ж  8  маусым күні Махамбет аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен Махамбет аудандық соты, Ішкі Істер Басқармасы, әкім аппараты, жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

      Дөңгелек үстелде, Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекстері түсіндіріліп, «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158 бабы бойынша «Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық  атауды заңсыз пайдаланғаны үшін» айыппұл соммасы 40 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілгені, авторлық құқықтарын бұзғаны үшін Қылмыстық кодексінің 198 бабымен жауапкершілік көзделгені, әрі аталмыш заңмен енгізілген авторлық құқықпен қорғалатын туындылардың құқығын тіркеудегі жеңілдіктер, құқық иелерінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершіліктері түсіндірілді, сондай-ақ қатысушылардың тауарды стандарттау және сату, құқығын қорғау бойынша сауалдарына заңды тұрғыда жауаптар берілді.

Атырау облысы Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі