-A A +A

Зияткерлік меншікті қорғауындағы құқықтық сауаттылық

          17 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу бөлімімен мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, кіші және орта бизнес өкілдерінің шақырылуымен зияткерлік меншік құқығын қорғау және сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Зияткерлік меншіктің түсінігі» тақырыбында семинар өткізілді.
       Семинар барысында зияткерлік меншік объектілеріне құқықты тіркеу, өндірістік объектілерге электрондық өтініштерді беру реті, өндірістік меншік объектілеріне өтініштерді сараптамадан өткізу мерзімі туралы жалпы зияткерлік меншік түсініктері берілді. Барлық қойылған сұрақтарға толық қамтылған жауаптар берілді. Семинардың қортындысы бойынша аталған сипаттағы іс-шараларды алдағы уақытта өткізу туралы шешім қабылданды.
                                                                                                                                      Атырау облысы Әділет департаменті